Әйел терезеден кіріп, көршісінің планшетін ұрлап кетті
Әйел терезеден кіріп, көршісінің планшетін ұрлап кетті
5,253
оқылды
Көршісінің планшетін ұрлаған күдіктіні қарағандылық полиция анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 9 қыркүйек күні Теміртау қалалық полиция басқармасының Шығыс полиция бөліміне 50 жастағы азаматша хабарласып, өзінің саяжайында болған кезде белгісіз біреу қаладағы үйіне кіріп, құны 90 мың теңге тұратын планшетін ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Бұл ұрлық үй иесі түнгілік уақытта саяжайда болған кезде орын алған. Белгісіз біреулер үйдің пластикалық терезесін бұзып кіріп, қолына іліккен планшетті ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері көршілерден жауап алу барысында ешкімнің қылмыс болған күні сол маңайда күдікті адамдарды көрмегенін анықтады.
– Қылмыскердің ізіне түсетін дәлелдемелердің жеткіліксіз болуына қарамастан жүргізілген жұмыстың нәтижесінде полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы азаматты анықталды. Оның жәбірленушімен көрші тұратыны белгілі болды. Ұсталған азамат ісін мойындап,  планшетті иесіне қайтарылды, – деді Қарағанды облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ислам Мусин.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.