Қазақстандық «Сары мысық» фильмінің тұсаукесері Венецияда өтті
Кеше 77-ші Халықаралық Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» бағдарламасының аясында қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» атты жаңа туындысының тұсауы кесілді.
«Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше, картинаның тұсаукесеріне фильмнің режиссері, сондай-ақ продюсерлер Ольга Хлащева, Серік Әбішев, Гийом де Сиель мен Әсел Сәдуақасова және актерлер Санжар Мәди, Азамат Нығманов пен Камила Нұғманова қатысқан.
[caption id="attachment_71742" align="alignnone" width="960"] © Сурет ғаламтордан[/caption]
Шара барысында «Сары мысық», «Мұқағали» және «Обучение Адемоки» жобалары дистрибьюторларға таныстырылып, келіссөз жүргізіледі.
https://www.youtube.com/watch?v=o9V8VewV_bM&feature=emb_logo&ab_channel=AdilkhanYerzhanov