Емхана таңдауға екі ай уақыт берілді
Емхана таңдауға екі ай уақыт берілді
194
оқылды
«Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап халықты медициналық-санитарлық көмек беретін ұйымдарға тіркеу басталады. Ол екі айға созылады. Емханалардың денсаулық сақтау жүйесіне енудің алтын қақпасы екенін білесіздер. Сондықтан алдағы екі айда азаматтарымыз тұрғылықты жері бойынша емханаларды таңдай алады. Мейлінше, емхананы тұрғылықты жерге жақын маңнан таңдауға кеңес береміз. Неге десеңіз, емханаға тіркелген науқастарды медицина мамандары үнемі қадағалап, тіпті үйіне барып көмек көрсетуге ыңғайлы болады. Әсіресе, бұл тәжірибе қазіргідей пандемия жағдайында аса маңызды», – деді ол. Тіркеу науқанынан кейін азаматтар келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет алады және ол үшін Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға ақы төлейді. Биыл да бұл азаматтар тіркелген емханаларында қор есебінен емделе алады.  

Айдана БЕГІМ