Көпірден секірген ер адам көлік астында қалды (видео)
Көпірден секірген ер адам көлік астында қалды (видео)
©Сурет интернеттен алынды
325
оқылды
Оқиға кеше түскі сағат екі кезінде тіркелген. Алматы қаласындағы Райымбек пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы көпірден азамат секіріп, көлік астына түскен. Медициналық бригаданың күшімен ол ауруханаға жеткізілді. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, 41 жастағы ер адам удай мас болған.
Дәрігерлердің айтуынша, ер адам хәл үстінде жатыр. «Оған «бассүйек-миының жабық жарақаты, миының шайқалуы, оң жақ жіліншігінің жабық сынығы» диагноздары қойылды» деп бағаланып отыр.
Оның құлаған биіктігі шамамен 4-5 метрге жуық. Полицияның хабарлауынша, көпірден секіріп кеткен адам Павлодар қаласының тұрғыны болып шыққан. https://www.instagram.com/p/CFB-3GoDskb/?utm_source=ig_web_copy_link