Алматыда карантин жеңілдетілді
Алматыда карантин жеңілдетілді
Фото: Интернеттен алынды
164
оқылды
Қаулыға сәйкес, 15 қыркүйектен бастап: – мәдениет нысандары (адамдар саны 30-дан аспайтын жеке және топтық жаттығулар), кітапханалар мен музейлер (ғимараттың толуы 50 пайыздан аспауы тиіс) жұмыс істей бастайды. Бұл ретте, маска тағу режимі және әлеуметтік қашықтық сақталып, санитарлық-дезинфекциялық шаралар қатаң жүргізілуі, желдету жүйелері іркіліссіз жұмыс істеуі қажет. – ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарында 3-4-сыныптардың кезекшілік топтары жұмыс істей бастайды. Бұл ретте, сыныптағы балалар санын 15-тен асырмау және санитарлық нормаларды қатаң сақтау талабы қойылады.

Алматы қаласының  Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қол қойған құжатта «Қаулыны ұйымдастырушылық-құқықтық формасына және қандай ведомство құрамына кіретініне қарамастан, барлық заңды тұлғалар орындауға міндетті. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді», – делінген.