Алматыда дәмхана өртенді
Алматыда дәмхана өртенді
263
оқылды
14 қыркүйекке қараған түні Алматыда дәмхана өртенді, деп хабарлайды Алматы ТЖД баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, сағат 1:15-те өрт туралы хабар келіп түскен. Өрт сөндірушілер келгенде Түрксіб ауданы Сүйінбай даңғылы, 567 мекенжайында орналасқан бірқабатты «Кахури» дәмханасының өртеніп жатқанын анықтайды. Бұл уақытта қызыл жалын көршілес тұрғын үйдің шатырына жайылып үлгерген.
«Дәмхананың іші ағаштан жасалғандықтан, өрттің тез таралуына себеп болған. Жақын орналасқан үйлерге өрттің таралуына жол бермеу үшін тез арада оңтүстік және солтүстік жағынан екі әскери бөлімше құрылды. Өрт оқпандары жіберіліп, 60м.,200 м. қашықтықта өрт гидранттарына автоцистерналар орнатылды», - делінген хабарламада.
Дәмхана ішінен жарылу қаупін тудырған газ баллоны (50л) шығарылды. 465 шаршы метрді қамтыған қызыл жалын 24 минуттың ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.  Өрт шыққан кезде дәмхана жабық болған.