ДДСҰ қазан-қарашада коронавирустан болатын өлім-жітім саны артады деген болжам жасады
ДДСҰ қазан-қарашада коронавирустан болатын өлім-жітім саны артады деген болжам жасады
© сурет интернеттен алынды
248
оқылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропада қазан-қараша айларында коронавирустан болатын өлім-жітім саны артады деген болжам жасады.  Бұл туралы ДДСҰ еуропалық өңірлік бюросының директоры  Ханс Клюге айтты, деп жазады ТАСС.
«Эпидемиологиялық жағдай ушығады. Қазан-қараша айларында  өлім-жітім көрсеткіші артқанын көреміз», –деп мәлімдеді Ханс Клюге.
Agence France-Presse атап көрсеткендей, бұл құбылыс Еуропада коронавирустың жаңа толқынына байланысты болады. Коронавирус пандемиясы басталғалы бері әлемде  28,7 млн астам адам індет жұқтырса, 920 мыңнан астам адам қайтыс болды.