Атырау облысында із-түзсіз жоғалған жылқышының денесі терең шұңқырдан табылды
Атырау облысында із-түзсіз жоғалған жылқышының денесі терең шұңқырдан табылды
© сурет интернеттен алынды
218
оқылды
Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен жылқышы табылды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«14 қыркүйекте Жылыой ауданындағы Құлсары қаласынан 100 шақырым жердегі Қырықмылтық кен алаңы маңында 15-20 метр тереңдіктегі шұңқырдан жоғалған жылқышының өлі денесі табылды. Қылмысқа қатысты сараптама жүргізіледі. Күдікті ретінде Жылыой ауданының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұрын сотталғаны белгілі болды. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмысқа не себеп болғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 6 қыркүйекте Жылыой ауданының 47 жастағы тұрғыны жылқыларын іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Облыстық полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер далалық аумақты аралап, іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізілді.