Елбасы Ван Имен кездесті
Елбасы Ван Имен кездесті
290
оқылды
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Қытай­мен достықты жоғары бағалай­тынын атап өтті. – Біз тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойдық, шекара мә­селесін толық шештік. Біздің қарым-қатынасымызда ешқан­дай түйткіл болған жоқ, әрі қарай да солай жалғасуы керек. Қазақстан Қытайдың біраз бастамаларын қолдайды. Соның бірі — «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының жүзеге асуы. Оны  Қытай төрағасы Си Цзинь­пин Қазақстан жерінде жарияла­ған болатын. Біз талай шаруа атқардық, әлі де көп жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде, – деді Елбасы. Қытай Халық Республикасы­ның сыртқы істер министрі Қа­зақстанның жетістіктеріне тоқ­талып, Нұрсұлтан Назарбаев­қа екі ел арасындағы жан-жақты қатынасты дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс айтты. Ван И Қазақстан-Қытай ынтымақтас­тығының әрі қарай да тереңдей беретініне сенім білдірді. – Жақында Қазақстан өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Сіз оған қол жет­кізу­дің бастауында тұрдыңыз. Осы жылдар ішіндегі Қазақстанның табысты дамуы бәрімізді тәнті етеді. Осы жетістіктің бәріне Сіздің арқаңызда қол жеткізілді. Сіздің жетекшілігіңізбен Қа­зақстан өсіп-өркендеді. Өз еліңіз үшін және біздің мем­лекет­теріміздің арасындағы тату көршілік қатынастарды дамыту үшін біраз шаруа атқардыңыз. Қытай халқының Сіз сияқты сенімді досы бар. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы дәл осы жерде – Қазақстанның астана­сында бастау алғанын ешқашан ұмытпаймыз, – деді Ван И. Қытай Халық Республи­касының сыртқы істер министрі Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің ауыз­ша ыстық сәлемін жеткізді. Онда Қытай төрағасы Елбасыны кез келген ыңғайлы уақытта Қытайға сапармен келуге ша­қырды. Шанхай ынтымақ­тастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңе­сінің өткен отырысы ту­ралы айтып берді. Ван И осы жылдар ішінде Қазақстан Шанхай ынты­мақтастық ұйы­мына ең белсенді қатысу­шы­лардың бірі ғана емес, сондай-ақ көптеген идеяларға, жобалар мен бағдар­ламаларға бастама­шы болғанын атап өтті. Өз кезегінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қытай төрағасына ізгі тілегін жолдады. Сондай-ақ ШЫҰ және «Бір белдеу, бір жол» жобасының маңыздылығы туралы пікірін білдірді. – Си Цзиньпинге жылы лебізі үшін алғысым шексіз. Мен ШЫҰ құрылуының бас­тауында болдым. Ұйымды сақтау және одан әрі дамыту керек деп санаймын. Жаһан­дануға қатер төніп тұрған қазіргі кезде ШЫҰ және «Бір белдеу, бір жол» интеграция идеясын ұстанатын көптеген халықтар үшін ты­ғырықтан шығудың жолы болып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.