Кей аймақта дауыл соғып, бұршақ жауады деген болжам бар.
«Қазгидрометтің» болжамынша, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, бұршақ күтіледі, желдің екпіні күндіз 25 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде дауыл тұрып, желдің екпіні 25 м/с-ке дейін артуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ, күші күндіз 23 м/с-ке дейін дауыл соғуы мүмкін.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде дауыл соғып, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Қызылорда облысында күндіз жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.
Алматы, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Павлодар облысының батысында жел 15-20 м/с артады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Атырау, Алматы облысында төтенше өрт қаупі сақталады.