Айыртау ауданындағы шіркеудің терезесін сындырған.
Шұғыл-тергеу тобының мамандары 12 моланың құлпытасы мен қоршауы сынғанын анықтаған. Құлпытасқа акрил бояуын төккен. Зират жанындағы шағын шіркеудің терезесін сындырған.
«Полицейлер бірнеше күн бұрын осы зиратта жүрген 10-12 жастағы 3 жасөспірімді ұстады. Олардың вандализмге қатысы бары дәлелденді», – дейді полицейлер.
Анықталғандай, «Қайтыс болғандардың денесі және жерленген орнына қорлық көрсету» дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 314-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.