Павлодарда 19 банка қияр ұрлаған ер адам ұсталды
Павлодарда 19 банка қияр ұрлаған ер адам ұсталды
198
оқылды
Ер адам бірден қиярдың бір бөлігін сатып, ақшасын арақ-шарапқа жұмсаған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
- 30 жастағы тұрғын күндіз жеке үйлердің біріне кіріп, 19 банка маринадталған қияр, бір себет көкөністі ұрлап кеткен. Бұған қоса, 63 жастағы зейнеткердің екі қазанын жымқырып кеткен, - деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.
Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер азаматтарға өз мүліктеріне мұқият болуды, үйлерінің есіктерін күндіз де құлыптау қажет екенін ескертеді.