Балалардың терезеден құлауы жиіледі
Балалардың терезеден құлауы жиіледі
1,436
оқылды
«Балалардың терезеден құлауының бас­ты себебі – оларды ашық терезе алдында қараусыз қалдыру. Өкінішке қарай, үйде ешкімнің қадаға­лауынсыз отырған бала аулада ойнап жүрген балалардың даусын естиді. Дауысқа елеңдеп, терезеге қарай ба­рады. Осыған орай, құрметті ата-аналар, сіздерге бірнеше ұсыныс айтқым келеді. Біріншіден, баланың терезеден құлап ке­туіне жол бермеу үшін оларды қараусыз қалдыруға мүлдем болмайды. Екіншіден, жиһазды бала терезеге өздігінен көтеріліп шыға алмайтындай етіп орналастыру қажет. Үшіншіден, масадан қорғайтын тор баланы терезеден құлап кетуден сақтай алмайтынын есте сақтау керек» деген ол терезеге бұғат ор­натуға кеңес берді. Сонымен қатар балаларға терезе алдын­да ойнауға болмайтыны туралы айту керек. Оның айтуынша, 2018 жылдан бері елордада балалардың терезеден құлау оқиғасына қатысты 70 жағдай тіркелген. 16 бала тере­зеден құлап мерт болса, 54 бала жарақат алған. Биылдың өзінде осындай 28 жағдай тіркелген.  

  Тұмар МЫРЗА