Қазақстанның басым бөлігінде циклонның әсерінен найзағай жарқылдап, жаңбыр жаууы мүмкін.
Солтүстікте қатты жаңбыр жауып, 15-20 м/с дейін жел күшейіп, дауыл, бұршақ болжанады.
Еліміздің солтүстік-батысында кей жерлерде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында желдің күші - 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар облысында, Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің күші - 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ке жетеді. Бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с-ке артады.
Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады. Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, бұршақ болжанады. Желдің күші 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз екпіні 23 м/с-ке артады.
Батыс Қазақстан облысында, күндіз Ақтөбе облысында желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с-ке жетеді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.