Тұтас қалаға қауіп төнді
Тұтас қалаға қауіп төнді
223
оқылды
«Қапшағай су арнасы» қала­лық коммуналдық кәсіп­орнының мә­ліметінше, егер Қапшағайдағы су деңгейі шекті межеден төмен түсіп кетсе, онда қалада төтенше жағдай режимін енгізуге тура келе­ді. Себебі шаһарда ауызсу тап­шылығы бас­талмақ. «Қапшағай су арнасының» басшысы Мәди Темірәлиев он­дағы су деңгейі күн сайын 3-4 сантиметрге төмендеп жатқанын мәлім етті.
«Сындарлы межеге жеткен кез­де біз төтенше жағдай жария­лайтын боламыз және жаңа сор­­ғы стансасын орнату үшін шұ­ғыл түрде құрылыс-монтаждау жұ­мыс­тарына кірісеміз. Жаңа станса су қоймасындағы су дең­гейіне тәуелсіз жұмыс істей бере­ді», – деді журналистерге М.Те­мірәлиев.
Қапшағай қаласының күні осы жалғыз су қоймасына қарап отыр, кәусар табар басқа қайнары жоқ. Мамандар ондағы су әрі қарай да азая берсе, қаланың қа­зіргі сумен қамту жүйесін түбе­гейлі қайта құруға тура келетініне сенімді.
«Жерасты ұңғыларын бұрғы­лап, су іздеуге мәжбүр боламыз. Сонымен қатар қаланың әр же­рінде таза су сақталатын резер­вуарлар орнату қажет болады», – деді «Қапшағай су арнасы» кәсіп­орнының басшысы.
Рас, оның дерегінше 2014 жылы су бұдан да төмен деңгейге дейін құлдыраған екен. Сонда тұйықтан 2011 жылы тұрғызылған сорғы стансасы шығарыпты. Қапшағай әкімдігі қала мүл­дем ауызсусыз қалмауы үшін 2021 жылы қалада алғашқы жер­ас­ты ұңғысын қазу жұмыстары жос­парланып отырғанын жет­кізді.  

Елдос СЕНБАЙ