Қазақстанда орташа жалақы 211 мың теңгені құрады
Қазақстанда орташа жалақы 211 мың теңгені құрады
171
оқылды
Қазақстанда орташа жалақы 211 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Статистика Комитетінің баспасөз қызметі.
«2020 жылғы тамызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 211 226 теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Шілде айында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 111 867 теңгені құрады (алдын ала деректер), бұл 2019 жылғы шілдедегіге қарағанда 6,1% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,9%-ға төмендеді.
«ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы II тоқсанда 454 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы тамыздың соңына 219,2 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,4% құрады», - делінген мәліметте.