Өткен демалыс күндері Бурабайдағы «IQanat High School of Вигаbay» жекеменшік мектебінің ашылуында болған оқиғаға байланысты тексеру жүріп, мектеп әкімшілігіне 638 940 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Ақмола облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.
«Әлеуметтік желілерде фотосуреттер мен жағымсыз посттардың жариялануына байланысты, Басқарма полиция қызметімен бірлесіп «IQanat High School of Вигаbay» білім беру мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргіздік. Жаппай іс-шараларды өткізуде, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтамай отырып, санитариялық-карантиндік талаптарды бұзғаны үшін, «IQanat High School of Вигаbay» білім беру мекемесінің ұйымдастырушы, басшылығы ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 230 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
Ал жеке тұлғаларға қатысты алгоритмге сәйкес, аймақтың Полиция департаменті тергеу әрекеттерін жалғастырып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері де осы мәселеге қатысты пікір білдірген болатын.