Таразда 4 миллиард теңгеге қыста салған құрылыс жазда құлап жатыр
Таразда 4 миллиард теңгеге қыста салған құрылыс жазда құлап жатыр
Фото: Интернеттен алынды
218
оқылды
Таразға көрік береді деп салынған құрылысқа 4 миллиардқа жуық қаражат бөлінген, – деп хабарлайды КТК. «Шахристан» этно-мәдени кешенінің қабырға қаптамалары түсіп қалған. Облыс қазынасынан қыруар қаражат жұмсалған нысан небәрі 6 айдың ішінде тұрғызылып, пайдалануға берілген. Құрылыс жұмысы былтыр жазда басталып, қаңтар айында бір-ақ аяқталған. Шенеуніктер бұл жағдай ғимараттардың суық мезгілде салынуынан болды деп ақталып отыр. Кешен қайта қалпына келтіріледі.

Тараз қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Әлібек Аманбай: «Құлағаны, «глазури» деген материал бар. Материалды Өзбекстаннан алып келеді. Пандемияға қарсы шекараның жабылуына байланысты сәл қиындықтар туындады. Соған қарамастан, мердігер барлық ақауды қалпына келтіруге тиісті жұмыс жүргізуде», – деді.