Петропавлда учаскелік полиция қызметкеріне 1,1 миллион теңге айыппұл салынды
Петропавлда учаскелік полиция қызметкеріне 1,1 миллион теңге айыппұл салынды
© сурет интернеттен алынды
162
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында сот қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған полиция қызметкеріне айыппұл салып, қызметтік атағынан айырды.  Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен хабарлағандай, жазда учаскелік полияция қызметкері жергілікті кәсіпкердің атынан өтірік шағым көрсетіп, азаматтан 150 теңге талап еткен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке учаскелік полиция қызметкері мен оның тағылымдамадан өтіп жүрген адамына қатысты шағым түсті. Жәбірленуші шағым түспеген бұрын болған іс бойынша инспектордың одан ақша бопсалағанын айтты. Бұдан бұрын учаскелік полиция қызметкеріне жергілікті кәсіпкер келіп, одан белгісіз ер адам өзін полиция майоры ретінде  таныстырып, 4200 теңге қарызға алып кеткенін айтқан. Бірнеше күннен соң инспектор мен оның тағылымдамадан өтіп шәкірті қарыз алған адамды анықтап біліп, оған келіп, дүкен иесінен оған арыз түскенін айтқан. Кәсіпкерге қарыз қайтарылғаны белгілі болды. Алайда инспектор қызметтік өкілеттігін пайдаланып, қарыз алушыдан түспеген "арыз" бойынша істі жабу үшін 150 мың теңге талап еткен. Ер адам онымен келісіп, ақша берген.  Тамызда құқық қорғаушылар инспекторды ұстап, қыркүйекте сотқа тартты. Инспектор 1,1 миллион теңге айыппұл төледі. Сот оны мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан, полицияның аға лейтенанты арнайы атағынан айырды. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары да қызметінен босатылды, ол сотталған инспектордың тікелей басшысы болған.