Фонограммасыз ән: құлақтан кіріп, бойды алар...
Фонограммасыз ән: құлақтан кіріп, бойды алар...
©А.Ахметқазы
347
оқылды
­­ AktotiМинистр кон­­­церт, ойын-сауық іс-ша­раларын өткіз­генде проб­ле­малар жиі кез­десетінін, кон­церт­терден тү­се­тін қаржы, фо­но­­грамманы пайдалануға қатысты дау-дамай жиі болатынына да тоқталды. «Сон­дықтан заң жобасы аясында орындау­шылардың осындай мінез-құлық көрсетуіне жол бермеу үшін бірқатар міндеттемелерді енгізу арқылы осы мә­селелерді реттеуге тырыстық. Олар­дың ішінде маңызды норма­лардың бірі – музыкалық шығарма­ларды орын­даушы­лардың фонограм­маларды қолдануы туралы көрер­менге хабарлау. Фоно­грам­маларды пайдалану тәртібі заңға тәуелді актіде айқындалады. Барлық жарнамалық өнім­дерде және кас­салар жанында міндетті түрде фонограмманы пайда­лану бойынша ха­барлама беріледі. Бұл көрерменге фонограм­мамен өтетін концертке билет сатып алуға не бас тартуды таңдауына мүмкіндік береді және билеттің құнына да әсер етеді», – дейді министр. Дұрыс-ақ делік. Әрине, «құлақтан кіріп, бойды алар» есті әнді фонограммасыз тыңдағанға не жетсін?!  

Неге тыйым салмады?

Фонограммаға тыйым салу ту­ралы бұған дейін талай рет айтылып та, жазылып та келеді. Экс сенатор Сәрсенбай Еңсегенов осыдан үш жыл бұрын фонограммаға тыйым салу керегін айтқан еді. Еңсегенов сол кезде «халықпен кездесу бары­сында бізге тұрғындар тара­пынан әнші­лердің фоно­граммамен ән айтуына қатысты да сұрақтар қойы­лады. Біз, әрине артист емеспіз, әнші емеспіз, бұл мәселені толық­қанды білмеуіміз мүмкін. Бірақ Түрікмен­стан мен көрші елдерде концерттерде фонограммамен ән айтуға тыйым салынатынын айтқан. Сондай-ақ ол: «Әнші концертке келсе, ол өзінің қызметін сатады. Ал көрермендер – оның тұтынушысы. Олар сол кон­церт­ті көру үшін ақша төледі. Осы тұрғыдан келгенде, тұтынушыға са­па­лы қызмет көр­сетілуі керек. Фоно­грамма – маг­н­итофон, диск, кассета­ны кез келген адам сатып алып, тың­­­дай алады» деген еді. Сенатордың бұл пікіріне қарсы шыққан да ән­шілер болды. Олардың уәжі «барлық әншілер жазбадағыдай етіп айта алмайды» дегенге саяды. Кей әншілер нашар музыкалық құрылғы тұрған жерде табиғи дауыста ән айту мүмкін емес екенін айтқан-ды. Одан бері де үш жыл өтті. Министрлік түбегейлі тыйым салмаса да, музыка­лық шы­ғармаларды орындау­шы­лардың фо­но­­­грамманы қол­данатынын ес­кер­туі керек дегенді айтып отыр. ErlanДәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай «бұл заң жо­басы фонограммаға тыйым салады дегенге келіспей­мін», – дейді. «Бұл жарым­жандау заң бо­лайын деп тұр. Бұл талаптардың бәрі сақ­талмауы мүмкін. Өйткені фонограмма қол­­­­­дану­шыларға аса бір тосқауыл қояды деп айта алмаймын. Кімнің жарнамасы мықты, көрермен соған бара береді. Олардың көп­шілігінің әлеуметтік желілерде мил­лиондаған жазылушылары бар. Сол жерде де жарнамасы еркін жүріп жа­тыр. Жа­зы­лушыларының өзі залды толтырып береді. Сондықтан бұл жерде заң кедергі болады деп ой­ламаймын. Екіншіден, әншілерге лицензия беру мәселесін шешу керек. Олардың дауысы, репертуары бар­лығы тексерілгені жөн. Сонда елді аздырып-тоздыратын кей әндер таралып кетпейтін еді. Кеше Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «фо­нограммасыз орындаған дұрыс» деп орынды пікір айтты. Бұл заң әлі бе­кітілген жоқ. Сенатқа жіберілді. Сенат мұны бекітпей, Мәжіліске кері қайтаруы керек», – дейді. Әнші ұлттық музыканы өлтірмеудің жолы фонограммаға шектеу қою керек екенін айтып отыр.  

Бұрынғыдай жапа-тармағай фонограмма болмайды

DarxanМәжіліс депутаты Дар­хан Мың­бай: «Қа­зақ өнерінің та­рихына қарайтын бол­сақ, та­биғи дауыспен айта­тын әнге ерекше құрметпен қа­раған. Құрманбек Жан­дарбеков деген керемет опера әншісі болды. Ғани Мұратбаев ұйымдастырған бір кон­курста тоқтамастан, үзіліссіз 105 ән айтқан екен. Қандай талант де­сеңізші! Ондай мықты әншілер қа­зақта өте көп болған. Сондықтан таза табиғи дауысқа ештеңе жет­пейтіні – ақиқат. Онымен ешкім таласа ал­майды. Кез келген дамыған елдерде таза табиғи дауыспен орын­далатын кон­церттердің бағасы да, қадірі де жоғары. Түптің түбінде біз осыған келеміз. Жеңіл әнді айтатын ән­шілердің шеберлігі ешқашан арт­пайды. Нағыз шеберлер өнерге бүкіл ғұмырын арнайды. Шын мәнінде, ондай әншілер өнерін же­тілдіріп отырады. Сол себепті бүгін фоно­граммамен елді алдағанымен, ертең өтірігі көрініп қалады», – дейді. Өнерді базардың деңгейіне тү­сіріп алуға болмайды. Саф өнердің құны бәрібір жоғары. Тек соны реттейтін алаң дұрыс болғаны керек. Мәселен, кез келген әнді сахнаға шы­­ғармас бұрын көркемдік кеңестің сынынан өткені абзал. Сонда ғана есті әнді іріктеуге мүмкіндік туар еді. Қоғам қайраткері Сәрсенбай Еңсегенов «Заң жобасы туралы бас­пасөз беттерінен оқып жатырмын. Бұл өте дұрыс шешім болды. Фо­нограммаға түбегейлі тыйым са­лынбаса да, шектеулер бар. Бұ­рынғыдай жапа-тармағай фоно­грамма болмайды», – дейді.  

Талап орынды, орындалуы қалай?

Ergali«Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әб­дірайымов «табиғи дауыс­пен концерт өткі­зуге қарсы емеспіз», – дейді. – Көрерменнің тал­ғамын да ескерген жөн. Кейде той-то­малаққа барған әнші фоно­граммамен айтып жатыр ма, әлде табиғи дауыспен орындап тұр ма, оған көп мән бере бермейді. Бастысы – көңіл көтеретін ән айтса болғаны. Кон­церттерде де солай. Жанды дауыспен өткізілетін кештердің көбі бірсарынды болып кетуі мүмкін. Арасында фонограмма да керек. Көпшілік кейде шоу-концерттерді жақсы көреді. Мәселен, Филипп Киркоров бүкіл тобымен бірге жүреді. Бишісі, музыканты, барлығы бар. Олар кешті шоу-ду­манға айналдырады. Сол секілді мұңлы ән айта берсең, кешке жиыл­ған көрерменді жалықтырып алуың мүмкін. Көрермен нені қалайды, сұраныс қандай, әнші де соны ұсы­нады. Сондықтан кейде әншіні де кінәлай беруге болмайды. – Кейде әншілер нашар музы­калық құрылғы болса, табиғи дауыста орын­дай алмаймыз деген уәж айтады. Одан бөлек, акустиканы сөз ететіндер де бар. Бұған қалай қарайсыз? – Алматыдағы Республика са­райында табиғи дауыспен орын­дауға барлық мүмкіндік жасалған. Тіпті, табиғи дауыста концерттер де жиі өткізіліп жүр. Музыкалық құрылғы әншіге кедергі болмауы тиіс. Сол себепті де талантты әнші кез келген сарайда жанды дауыста ән айта ала­ды. Егер «жолдан қо­сылған жолбикелер» болса, олар осындай сылтау айтуы мүмкін. Фонограммасыз орындауда біз не ұтамыз? Бастысы – өнер таза­лығын сақтаймыз. SbetaБелгілі әнші Света Айтбаева «Не­гізі фо­нограмма дегенді дұрыс түсіну керек. Оны 100 пайыз қажет емес деп айтуға да болмайды. Плюс-минус деген бо­лады. Плюс деге­ні­міз – жаз­ба. Минус – музы­канттардың, ор­кестр­дің сүйемелдеуі. Бізге фоно­г­рамма қай кезде қажет болады? Әдемі бір үлкен түсірі­лімдер, телевизиялық жо­балар кезінде ке­рек. Біз фонограм­маны әншілердің концертте жанды-жансыз дауыста айтуы деп қана түсінеміз. Жеке концерт берген кезде фонограммамен айтуға болмайды. Ол әнші үшін де ұят. Қазір тыңдарман­дардың да деңгейі өзгерген. Сол тұрғыдан келгенде, бұл заңның қа­был­данғаны дұрыс. Қазір кей әншілер бір күнде бес концерт беретін деңгейге жетті. Шынайы табиғи дауыспен ән­ші бес сағат концерт беруі мүмкін емес. Себебі дауыс деген – дыбыс аппараты. Бір концертте кем де­генде 20 ән орындалады. Ол дыбыс ап­паратына салмақ түсіреді. Концерт өткен­нен кейін де әншіге біраз уақыт демалуға тура келеді», – дейді.   P.S.  

Фонограммамен ән айту қашан пайда болғаны белгісіз. Фанераны алғаш Бони М тобының продюсері Фрэнк Фарриан енгізген деген пікір бар. Кейбіреулер мұны таза ресейлік өнім деп санайды. Өйткені өткен ғасырдың 70 жылда­рында көптеген кеңес әртісі, тіпті Кремль сарайының сахнасында плюспен ән айтуды ұнатқан деседі. Соңғы жылдары Ресейде де фоног­рам­мамен айтуға наразылық білді­ретіндер көбейді. «Ең ақылға қоным­дысы – концерттің қалай өтетінін постерлерге жазу. Сонда фо­нограм­мамен өтетін концерттердің ба­ғасы бірнеше есе арзандар еді», – дейді ресейлік мамандар. Өзбекстан, Әзір­байжан, Қытай, Түрікменстанда фо­нограммамен ән айтуға тыйым салынған. Ал АҚШ-та фонограм­мамен концерт беріп ұсталса, әртіс алаяқтық бабы бойынша заңмен қудаланады екен.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығ­матулин: «Меніңше, нағыз өнер – ол айтыс. Айтысқа фонограммамен шы­ғып көріңізші. Онда ешқашан, еш­қандай фонограмма болмайды. Сол үшін шығар, халқымыз осы айтысты жақсы көреді. Өнер әрқа­шанда таза болуы тиіс. Әнді жанды дауыста айтқан дұрыс. Ал фонограмма болса, онда алдын ала ескерту қажет және билеттің бағасы да соған сәйкес болуы қажет. Сол кезде халық ол концертке баратынын не бармай­тынын өзі ше­шеді. Әрине, концерт жанды дауыста болса, әншіге халықтың бағасы да, құрметі де жоғары болады», – дейді. Шынайы баға беретін – көрермен. Ал көрермен тек тазалықты ғана құрмет тұтады. Өнер таза болсын десеңіз – фонограммасыз ән са­лыңызшы, әнші қауым!

 

Гүлзина БЕКТАС