Головкин салмағын өлшеу үшін Нью-Йоркке келді
Головкин салмағын өлшеу үшін Нью-Йоркке келді
182
оқылды

Қазақстандық боксшы Генадий Головкин Нью-Йоркке келді.

Ол 5 қазан күні шаршы алаңда украиналық Сергей Деревянченкомен кездеседі.

Геннадий Головкин Instagramдағы парақшасында жекпе-жек аптасы басталғанын жазды.

Жанкүйерлерін 2 қазанда өтетін ашық жаттығу жиынына және осы жұма күні өтетін салмақ өлшеу рәсімін тамашалауға шақырды.

Боксшы Нью-Йоркке сапары кезінде АҚШ-тағы спорт басылымдарына сұхбат берді.