Желіде Гвинея президенті Альфа Конде республиканың еңбек министрін көшеде "ұрып жатқан" видео пайда болды, - деп жазады apostrophe.ua.
Видеоны Milli Gazete атты түрік басылымы жариялады және ол әлеуметтік желілерде тез таралып кетті.
Жазбаны көптеген БАҚ жариялаған. Коронавирусқа қарсы күреске бөлінген қаражатты мақсатты жұмсамаған министр ел басшысының ашу-ызасын туғызған көрінеді. Кейін роликте президент пен министр емес, кәсіпкер қол астындағы қызметкерін ұрып жатқаны белгілі болды.
https://www.youtube.com/watch?v=Z3WeJCnOI4Y&feature=emb_logo