"Қазақстанда 20 қыркүйек пен 15 қазаннан кейін қатаң карантин орнайды": Министрлік түсініктеме берді
"Қазақстанда 20 қыркүйек пен 15 қазаннан кейін қатаң карантин орнайды": Министрлік түсініктеме берді
© сурет интернеттен алынды
311
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда 20 қыркүйек пен 15 қазаннан кейін қатаң карантин енгізіледі деген қауесетке түсініктеме берді. 
"Мен жақында ғана 20 қыркүйектен бастап қарантин енгізілетіні туралы қауесетке қатысты жауап бергенмін. Бұндай шаралар жоспарланбағанын ресми түрде хабарлаймын. Бұл жалған ақпарат, қазақстандықтарға расталмаған ақпаратқа сенбеуге және таратпауға шақырамын. Егер шара қабылданып жатса, хабарлаймыз", - деді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Байтанаевтың айтуынша, елімізде карантин әлі сақталуда, дегенмен карантин шаралары кезең-кезеңмен жеңілдетіліп жатыр.
"Бұл жалған ақпарат. Оны таратқандарды іздеп тауып, полицияға арыз түсіреміз.  Еліміздегі эпидемиялық жағдай тұрақты, алайда Бас санитарлық дәрігердің барлық талабын сақтау керек", - деді ол.