Демалыс және мереке күндері сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты.
"Демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сауда орталықтары, ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді. Азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлардың да жұмысына тыйым салынады", - деді ол.
Бұған дейін карантин шаралары жеңілдетіліп, фитнес-орталықтарға, спорт кешендеріне, діни нысандарға, сауналарға, косметологиялық кабинеттерге, бассейндерге жұмыс істеуге рұқсат берілгенін хвабарлаған болатынбыз.