Қазақстанда Кавасаки синдромына шалдыққан 31 бала емделіп шықты
Қазақстанда Кавасаки синдромына шалдыққан 31 бала емделіп шықты
© сурет интернеттен алынды
184
оқылды
Қазақстанда Кавасаки синдромына ұқсас ауруға шалдыққан 35 баланың 31-і емдеіп шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов хабарлады.
«Еліміз бойынша 40 бала коронавирусқа шалдығып, емделді. Олардың ішінде Кавасаки синдромына ұқсас белгілермен 35 бала ауырды, 31 бала емделіп шықты. Қалған төрт бала емделп жатыр. Емделіп шыққан балалар учаскелік дәрігерлердің бақылауында», - деді Бағдат Қожахметов.
Еске сала кетейік,  Қазақстанда шамамен 2,5 мың бала коронавирус жұқтырды, оның ішінде 111 бала жаңа туған сәби.  Балалардың 80%-да ауру симптомсыз өтті. Тек 20% бала ғана орта деңгейде ауырды.