«ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойылғаны үшін жеке кәсіпкерлік субъектісінен 1,2 млн теңге сомасында пара алу фактісі бойынша Аягөз ауданының Аягөз қаласы әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, күдікті ҚР ҚПК 128-бабы тәртібіне сәйкес ұсталып, уақытша оқшаулау бөлмесіне қамалған.