Немересі әжесін пышақтап өлтірген
Немересі әжесін пышақтап өлтірген
©Сурет интернеттен алынды
248
оқылды
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің айтуынша, 26 жастағы ер адам шизофрениямен ауырады екен. Қанды оқиға 17 қыркүйек күні болған. Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне 29 жастағы ер адам хабарласып, көрші пәтерде 75 жастағы қарияның мәйіті жатқанын айтқан.
 «Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қарияның желке тұсына салынған пышақ жарақатынан қайтыс болғанын анықтады. Осы қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің 26 жастағы немересі  де ұсталды.
Күдіктінің «Эпизоотикалық параноидты шизофрения» диагнозымен психиатрлық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. Көршілердің айтуынша, немересі бұған дейін бірнеше рет әжесіне дене жарақатын салған екен. Қазір күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-ші бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, сот-медициналық сараптама тағайындалды.