Отаны енді өзіміз жасаймыз
Отаны енді өзіміз жасаймыз
285
оқылды
С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің бет-жақ хирургі Нариман Сатылғановтың айтуынша, микротия диагнозымен туған балаларға көмектесуге болады. Медицинада микротия – құлақ қалқанының дамымай қалуы немесе мүлде болмауы 8 000-10 000 баланың біреуінде кездеседі. «Қазақстанда осы диагнозбен туған балалар өте көп. Бірақ оларға ешқандай көмек көрсетілмейді. Мен олардың құлағына реконструкциялық ота істеймін. Құлақ қалқанын баланың өз қабырға етінен жасап беремін. Ота 6 сағатқа созылады. Мұндай ота АҚШ-та – 100 мың доллар, Еуропада 60-70 мың доллар тұрады. Бізде қажетті лицензиялар бар. Біздегі ота құны 14 мың АҚШ доллары болады», – дейді дәрігер. «Қазақпараттың» жазуынша, бүгінде артрезия (құлақ каналының жоқ болуы) және микротия диагнозы бар Қазақстандағы балалар шетелде емделуге мәжбүр. 2 жыл бұрынғы мәлімет бойынша, Қазақстанда осындай диагноз қойылған 600 бала бар. Олардың біразының бір құлағы естиді. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы 66 баланы шетелге емделуге жіберген.  

Н.БАҚЫТ