Ақмолалық жауынгердің есімі – Азықан Нұғыманов. 1897 жылы туған дүниеге келген. Соғысқа дейiн Степняк қаласында тұрған. 1942 жылдың 19 сәуірінде Ақмола облысы Қазақ КСР Еңбекшілдер аудандық әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылған.
Іс-түссіз жоғалғандардың қатарында болған ол Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза болып, Ресейде жерленген екен. Ресейдің Тверь облысы Бельский ауданының «Ерлік» ғылыми-тарихи әскери-патриоттық орталығы» қоғамдық ұйымының іздестіру қызметкерлері биылғы жылдың мамыр айында жауынгердің сүйегі мен медальонын тапқан.
Қазір Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған ақмолалық жауынгер сүйегі туған еліне жеткізілді. Осыған қарай Көкшетауда жауынгердің аруағына құрмет көрсетуге арналған «Ерлікке тағзым» естелік акциясы өтті.