Іс-түссіз жоғалып кеткен баланы әкесі үйге тастап, қонақтан түн ортасында келетін болған соң есікті жаппай кетіп қалған. Баланың жанында анасы қалған. Бұл туралы Daily Mail хабарлады
Таңертең анасы ұйқыдан тұрғанда баланы қасынан таппай, жан ұшырып іздей бастайды. Артынан баланы бүкіл ауыл болып іздейді, бірақ таппайды.
Үмітін үзбеген әке баласын басқа қалаларға барып та іздейді. Тіпті, ақшасын үнемдеу үшін қала арасында жаяу жүріп іздеген. Одан ештеңе шықпады, бала табылмады. Ал уайымға батқан анасы психикалық ауруға шалдықты. Жергілікті полиция тергеу бастағанымен, баланы ұрлау ісін қозғамады.