Түрмедегі туысына телефонды бауырсаққа салып өткізбек болған
Түрмедегі туысына телефонды бауырсаққа салып өткізбек болған
125
оқылды
Ақтөбеде 24 жастағы ақтөбелік есірткі сатқаны үшін сотталған ағасына ұялы телефонды баурчақтың ішіне салып өткізбек болған жерінде ұсталды. Ол қазір Ақтөбедегі тергеу изоляторында. Бұл туралы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Бауырсақтарды тексере бастағанда бірінің ішіне Nokia телефоны шыға келген. Ағасына телефон өткізбек болған азаматқа қатысты Әкімшілік кодекстің 481-бабы «Түзеу мекемелеріндегі адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру» бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Әкімшілік айыппұлдан басқа, енді інісі бір жыл бойы ағасына бару құқынан айырылады.

Тұмар Мырза