Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Нұр-Сұлтан қаласының волонтерлік бастамаларды қолға алған жастарына 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде шағын грант тағайындайды. Бұл туралы aikyn.kz бірлестіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Шағын грантқа бөлінген жалпы сома 6 600 000 теңгені құрады. Байқауға қатысу үшін жастар Жобалық өтінімдерді ережеге сай әзірлеп, pdf форматында 2020 жылдың 25 қыркүйегі, Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 18:00 дейін volonter_zhastar@bk.ru электронды почтасына жолдауы керек.
Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының 14-29 жас аралығындағы волонтерлік бастамаларды қолға алып жүрген белсенді жастары қатыса алады.