Жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, оңтүстік те шаңды дауыл соқса, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.
Ақмола облысында желдің екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.
Қостанай облысында жел екпіні 23 м/с-ке күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел екпіні - 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.
Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні – 15-20 м/с, Павлодар облысында екпіні – 23 м/с. Қызылорда облысының күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шаңды дауыл соғады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай, жел 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.