Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде жел күшейіп, найзағай ойнайды, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Cиноптиктердің мәліметінше, ертең, 22 қыркүйекте Батыс-Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с болады.
Ақмола облысында кей жерде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерінде онтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Қарағандыда онтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Петропавлда 22 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.