Моңғолияда Қазақ киносының күндері өтеді
Моңғолияда Қазақ киносының күндері өтеді
© Сурет ғаламтордан
213
оқылды
21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Үкіметі жанындағы Мәдениет және өнер басқармасының бастығы Ц.Нацагдолгормен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Елшісі Ц.Нацагдолгорға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауының негізгі аспектілері туралы мағлұмат берді және Жолдаудың ағылшын тіліндегі мәтінін табыстады. «Сонымен қатар, Елші мәдени-гуманитарлық саладағы бірқатар іс-шараларды, атап айтқанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған кешті ұйымдастыру, сондай-ақ Ұланбатыр, Ховд және Өлгий қалаларында «Қазақ киносының күндерін» өткізу жөніндегі жоспарлар туралы айтып өтті. Тараптар мәдениет саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағытында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мақсатында бірлескен шығармашылық қызметті жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы пікір алмасты», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінде.