Алматыда жер сілкінісі жиіледі
Алматыда жер сілкінісі жиіледі
265
оқылды
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 222 ша­­­­қырым жерде, яғни Талдықорған қаласына жақын жерде (Талдықорған қаласынан 10 шақырымда) орналасты. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 7.7. MPV магнитудасы 3,2 балға жетті. Эпицентрдің координаттары 44.90° с. е. 78.38° ш.б. Жер сілкінісінің тереңдігі – 10 шақырым. Сезілу туралы мәліметтерге тоқталсақ, МЅК-64 шкаласы бойынша Талдықорғанда 2-3 балл тіркелді», – деді ТЖМ. Алматы облысының ТЖ департаменті дереу жергілікті атқарушы органдарды, Полиция департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды оларға сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдайды нақтылау үшін хабардар етті. Ізінше жағдай нақтыланды. Меморгандар мен әкімдіктен қираулар мен қаза бол­ғандар туралы хабарламалар түскен жоқ. Дегенмен осындай хабар жиі естіле бастағандай. Мысалы, былтыр 18 тамызда таңғы сағат 5-те зілзала болып, қалалықтар шошып оянған. Сонда сілкініс қуаты 5 балға дейін жетті. 2020 жылғы 19 қаңтар күні кешкі сағат 19.27-де Алматы қаласынан 370 шақырым қашықтықта жер қозғалып сала берді. Сонда алматылықтар 3-4 балдық дүмпуді сезінген. Биыл 6 маусымда Алматы уақытымен сағат 6-да тағы да жер тербелісі тіркелді. Онда ол 25 шақырым тереңдікте болған. Талдықорған, Текелі, Қарабұлақта – 4 балл, Қапалда – 2-3 балл, Алматыда шамамен 2 балл болды.  

Ерік ЕРДЕНОВ