«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
22 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
22 қыркүйек түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде 15-20 м/с күшейеді.
22 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.
22 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысында тұман болжанады. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
22-23 қыркүйекте Қарағанды облысында онтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейді.
22 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.