Талайлар табыссыз қалды
Талайлар табыссыз қалды
222
оқылды
«Тәжірибе көрсеткендей, биз­нес­те кейбір бағдарламалар сұра­ныс­­қа ие, кейбіреулері төмен. Біз сіздермен Үкімет үшін қандай бағ­­­­­дар­­­ламаларды күшейту қажет, қан­дай бағдар­­­ла­маларды қысқарту немесе жою қажет деген ұсыныс­тарды пысық­тауымыз керек», – деді «Атамекен» ҰКП төралқа тө­рағасы Тимур Құлыбаев Алматы қаласы Кәсіпкерлер пала­тасының өңірлік кеңесінің отыры­сында. Оның айтуынша, мемлекет пан­демия салдарын еңсеру үшін 5,9 трлн теңге бөлген. Алматылық кәсіпкерлер биз­нестің жеке­леген түрлеріне әлі де тыйым салынуда деп шағымданды, бірақ төтенше жағдай мен карантин кезінде эко­номиканың неғұрлым зардап шеккен сала­ларының тізбе­сінде олар жоқ. Атап айтсақ, олар­дың қа­тарында мек­тептердегі ас­ха­налар, боу­лингтер, бильярд бөл­ме­­­­лері, караоке, компью­терлік клубтар және басқалар бар. Эко­номикалық қызмет түрлерінің жал­­пы жік­теу­шісінің көрсетілген қызмет түрлері экономиканың не­ғұрлым зар­дап шеккен сала­ла­ры­ның қа­­тарына енгі­зілмеген. Демек, эко­­номиканың осы сала­лары мем­­­­лекеттен еңбекақы қорына салық­тар мен әлеуметтік төлем­дерден босату түрінде жеңіл­діктер алған жоқ. «Кәсіпкерлер жұмыс істей ал­майды, демек қызметкерлерге жа­ла­­қы төлей алмайды және міндетті төлемдерді, соның ішінде міндетті ме­дициналық сақтандыру қорына аударым­дарды төлей алмайды. Сол себепті осы са­лалардың ақы төлен­бейтін демалысқа жібе­рілген ауы­рып қал­ған қызметкерлері кәсіп­орынның қызметін тоқ­тата тұру кезінде қорға жарналардың төлен­беуіне байланысты меди­циналық көмек ала алмайды. Оларға барлық медициналық қызметке ақы төлеу ұсынылады, бірақ жұмыс істе­­мейтін адам­дарда бұл қаражат жоқ», – деді Izo-Market КМ ЖШС бас директоры Константин Бо­сиков. Бизнесмендер тыйым салуды жалғас­тыратын салалардың эконо­­микалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін экономиканың неғұр­­лым зардап шеккен салаларының қатарына қосуды, сондай-ақ қыз­меткерлерге жалақы төлеу үшін 12 ай мерзімге пайызсыз кредит тү­рінде мем­лекеттік қолдау шара­ларын қарастыруды не жұмыс то­лық қалпына келтірілгенге дейін жа­лақының ең төменгі 1 мөлше­­ріндегі жәр­демақы төлеуді жалғас­тыруды, сондай-ақ осы кәсіпкер­лердің қыз­меткерлерін медици­на­лық сақ­тандыруды жүзеге асыру бойынша қолдау шара­ларын қарас­­тыруды ұсынды. Бизнесмендер жеңіл өнер­кә­сіпті қолдау, жеке колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша шығындарды өтеу, жұмыс орын­дарын сақтау бойынша шаралар, санитарлық талаптардың сақта­луын тексеру кезіндегі бұзушы­лықтар мен тағы басқа мәселелерді атап өтті. «Карантинге байланысты мек­тептер то­лыққанды жұмыс істеп жатқан жоқ. Оқу­шылардың басым бөлігі қашықтан оқу жүйе­сімен білім алуда. Қазір тек гимназия мен лицейлер кезекші сыныптарды жинап жатыр. Оларға күніне бір мез­гіл ыстық тамақ ұйым­дастыру жағын қарастырудамыз. Сани­тарлық дәрі­герлердің бақылауымен барлық талап сақталады. Сондай-ақ Білім беру басқармасы кезең-кезеңімен мектеп асхана­ларын ашу жайын да қарастырып жатыр. Мек­тептерде ең құрығанда бір рет ыстық тамақ беру жағы талқы_лануда. Біз мұндай шараларды тек ата-аналардың қалауымен жүзеге асыра аламыз. Қаладағы 200-ден астам мектептің асханалары қазір жұмыс істеп тұрған жоқ. Мектеп асхана­ларында жұмыс істейтін­дердің бәрі наурыз айынан бері ақысыз демалысқа кеткен. Мектеп асхана­ларын қайта ашудың өзіне біраз дайындық керек. Ол жерлерді жөндеуден өткізіп, санитарлық талапқа сай етіп қайта жасақ­тауы­мыз қажет. Сол үшін мектеп ас­хана­ларын ашқанда, мате­риал­дық қиындықтар алды­мыз­дан көлденең шығары сөзсіз. Дез­инфек­циялық құралдар алу керек. Сол себепті қалыпқа келтіру, жөн­деу жұмыс­­тарын жүргізу үшін жеңілдетілген несие беруін сұрап отыр­мыз. Бұл саладағы бизнес өкіл­дерін бәрі ұмыт­­ты. Олар жарты жылдан бері еш­қандай табыссыз отыр. Әр мек­­теп асханасында 5-6 адамнан жұ­мыс істеді. Олардың арасында жал­­ғызбасты, көпбалалы аналар бар. Тіпті, пәтер жалдап тұ­ратын­дар да жеткілікті. Бұ­рын жаз мез­гілінде уақытша болса да кафе, мей­рамханаларда, Қапшағай сияқ­ты демалыс орындарына ба­рып жұмыс істеуге болатын еді. Қазір барлық жерде жұмыс орын­дары шектеулі болғандықтан олар еш жерге жұ­мысқа орналаса алмай отыр», – деді Мектеп оқушыларын тамақтандыру қауым­дасты­ғының президенті Гүлнара Мамаева. «Биыл Білім және ғылым ми­нистр­лігінің шешімімен оқушы­лардың мектеп формасын киюі міндетті емес. Тіпті, Білім және ғылым министрі бірінші тоқсаннан кейін дәстүрлі оқу форматына көшкен күннің өзінде мектепте арнайы форма кию талап етілмейтінін айтты. Еліміздің жеңіл өнеркәсіп сала­сында 1 091 компания жұмыс іс­тейді. Оның бар болғаны 24-і ірі кәсіпорындар қатарына жатады. Қалғаны – шағын кәсіпкерлік нысандары. Олар 13 мыңнан астам қызметкерлерді жұмыспен қамтып отыр және еңбеккерлерінің басым бөлігі қыз-ке­ліншектер. Еліміздегі мектеп формасы нарығы 40 мил­лиард теңгеге тең. Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының баға­лауынша, біздің өн­ді­рушілер нарықтың небары 5 пайызын ғана қамтиды. Мұндай жағдайда отандық өндіру­шілер 2 миллиард теңгені жоғалтып отыр. Сол себепті пандемия кезінде жеңіл өнеркәсіп саласы қатты зардап шекті деп айта алмаймыз», – дейді «Семи­рамида» ЖШС директоры Наталья Ақ­шабаева. Әрине, кәсіп­кер жалпылама түрде айтып жатыр. Әйтпесе, кенжелеп қалған жеңіл өнеркәсіп саласының өзінде қан­ша­ма адам, оның артында олардың тұтас отбасы табыссыз қалып отырғаны жасырын емес. Парламент Мәжілісі депутаты Айқын Қоңы­ров «Карантин ке­зінде елімізде жұмыс­сыз қалған­дар 4,2 миллионға жетіп, олардың қа­тары 46 процентке бір-ақ секірді. Бұл – біздің тарихымызда болған өте жоғары көр­сеткіш», – деді. Де­­пу­таттың айтуынша, ка­ран­тин ке­­зін­де шағын және орта бизнес са­ласында өнім өндіру екі есеге дейін қыс­қарған. ШОБ саласында өнім өндіру көлемі қоғамдық та­­мақ­­тандыру саласында 53%, бөл­­шек-саудада 45% және көлік сала­сында 37%-ке дейін төмен­деген. Бұл талай кәсіп­орынның жабылып, банкротқа ұшырауына алып келді. Кәсіпорындар жұмы­сын тоқта­тып, ең­беккерлер табыс­сыз қалмау үшін санитарлық та­­лап­­тарды мейлінше сақтау керек. Сонда ғана карантин талаптары одан әрі жеңілдетіліп, тағы көптеген адам жұмыс орын­дарына оралуы мүмкін.  

ГүлнарГүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ