Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті. 22-24 кыркүйекте жол-көлік апатының санын азайту және алдын алу мақсатында бағытталған шара өтеді, -деп хабарлады Алматы полициясы департаменті.
Бұл мегаполисте "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-алдын алу шарасын өткізуге байланысты болып отыр.
"Жүргізушілер арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы талаптарды сақтауды бақылау және алдын алу жұмыстарын белсендіру күшейтіледі. Жедел алдын алу шарасы өткізілген күндері жеке құрам күшейтілген режимге көшеді. Сондай-ақ "Қауіпсіз жол" акциясы аясында жолаушылар мен жүк тасымалы кезінде жол қозғадысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылады", - деді Алматы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.