Өз оттегі стансасы болады
Өз оттегі стансасы болады
253
оқылды
Ауруханаларда медициналық жабдықтардың, оның ішінде өкпені жасанды желдету ап­параттары мен оттегі баллондары­ның  жетіспеушілігінен көп адам көз жұмса, дәрі-дәрмек тап­шылығы да халықты әбден абыр­жытты. Содан бері аталған мәсе­лелерге мемлекеттік деңгейде на­зар аударылып, нақты шаралар қол­ға алынуда. Соның нәтижесі ре­тінде шекаралы Жаркент өңірінде салынып жатқан оттегі стан­сасын айтуға болады. Жалпы құны 76 млн теңге жоба қазан айын­да іске қосылмақ. Қазір ст­ансаны орнату жұмыстары бас­талған.  Аудандық  орталық ауру­хана жанынан ашылатын оттегі стансасында бір мезетте 50 нүк­теден оттегі толтырылады. Ор­талық аурухананың бас дәрігері Төлеу Сарпековтің айтуынша, станса сағатына 50 текшеметрге  дейін оттегі құяды. Соның ар­қасында қауіпті індеттің екінші толқыны бола қалған жағдайда  120 науқасқа бір уақытта қажетті оттегі беріледі.
«Жаз айларындағы жанталас кезінде Алматыдан ауыр бал­лондарды таситынбыз. Енді міне, бұл мәселе де шешімін тапты. Бұдан бөлек осы пандемия кезінде біздің орталық ауруханаға кәсіпкерлер мен қайырымды азаматтар оннан астам оттегі концентратын, басқа да қажетті медициналық жабдықтарды тарту етті. Мемлекет тарапынан  да қажетті көмек көрсетілуде. Ға­лымдар болжамы бойынша, алдағы уақытта мазалауы мүмкін індеттің екінші толқынына біздің өңір то­лықтай дайын. Тек тұрғындар бар­лық ескерту мен санитарлық талаптарды сақтаса болғаны, – дейді бас дәрігер.
Пандемия басталғалы бері Пан­филов ауданында 139 адам ін­детке шалдыққан. Қазір аталған ад­амдар толықтай жазылып, өңірде са­нитарлық сақтандыру жұмыстары жүр­гізілуде.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы