QR-код праймеризде де қолданылады
QR-код праймеризде де қолданылады
203
оқылды
Заманына қарай амалы демекші, сандық технологиялар «Nur Otan» партиясының қызметін де айналып өткен жоқ. Уақыт өткен сайын саяси ұйым жұмысын цифрландыруға бұруда. Мәселен, кандидаттар партияішілік іріктеу – праймериздің үгіт-насихаттық жұмысында кеңінен қолдануда. Соның бірі, Жетісуда қарасайлық үміткерлердің бірі, «Ұлттық Республикалық кионкушинкай-кан каратэ федерациясы» ҚБ Алматы облыстық филиалының басшысы Бекжан Сүнбеков. Оның сөзінше, QR-код қолдану өте ыңғайлы, әрі смартфонмен қажетті ақпаратты толығымен алса болады екен.
«Бұл заманауи технология, ойластырылып табылғандықтан бұл мүмкіндікті менде пайдаланайын деп шештім, кіруге ыңғайлы, әрі заман ағымынан қалмау керек деген ойдамын. Кез келген азамат таратпа қағаздағы (брашура) QR-кодпен смартфоны арқылы мен туралы толыққанды мәлімет алып, сайлауалды бағдарламаммен танысса болады», - деп атап өтті ол.
Жалпы, QR-код анықтамасына тоқталып өтсек, QR “Quick Response - Шұғыл жауап”. Бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді (бар код) штрих-код. QR-кодтың көмегімен кез келген ақпаратты кодтауға болады.