Алимент төлемей жүріп, джипінен айырылды
Алимент төлемей жүріп, джипінен айырылды
166
оқылды
Ақпарат құралдарының  жазуына қарағанда,  А. есімді азамат 2019 жылдан бері  алимент төлемепті. Сөйте тұра,  сот орындаушысына  айына 40 мың теңге жалақы алатыны туралы анықтама әкеліп берсе керек. Бірақ «40 мың теңге жалақысы бар» борышкер 28 млн теңге  тұратын су жаңа джипті қалай алғаны белгісіз. Нұр-Сұлтан қалалық жеке сот орындаушылардың аймақтық  палатасы жетекшісінің орынбасары Мадина Жанасаева борышкердің мұншама қымбат көлік  міне жүріп, баласы үшін алимент төлемегеніне таңғалғанын айтты. Көлікті тәркілеу шарасына сот орындаушысымен бірге  полиция қызметкерлері де қатысқан. Қазір айып тұрағында тұрған көлікті мамандар бағалаған соң, ол аукционға шығарылып, түскен қаржы баланың алименті үшін төленеді.  

А.СҰЛТАН