Бұл қызмет әуежайдағы тіркеу үстелшелерде адамдардың шоғырлануын алдын алады және COVID-19 инфекциясының қаупін азайтады. Онлайн тіркелу кезінде жолаушылар ұшақтағы орынды таңдай алады. Онлайн тіркелуді airastana.com сайтының «Менің брондауым» бөлімінде, Air Astana мобильді қосымшасы немесе Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларында өзін-өзі тіркеу киоскілері арқылы да жасауға болады.
Жолаушылар тексеру және отырғызу аймағына Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау және Қызылорда қалаларынан ішкі рейстерге арналған мобильді отырғызу талонымен өте алады. Ол үшін онлайн тіркелу кезінде «Мобильді отырғызу билетін сақтау» опциясын таңдау керек. IOS құрылғыларында рұқсат Passbook / Wallet қосымшасында, Android құрылғыларында Pass2U қосымшасында сақталады.
Халықаралық рейстерге онлайн тіркелу Қазақстан мен басқа елдердің қосымша талаптарына байланысты уақытша қолжетімді емес.
Серік ӘЛІМЖАНОВ,
Алматы қаласы