Әуеде құстармен бетпе-бет келген АҚШ вице-президентінің ұшағы жерге шұғыл қонды.
Сейсенбі күні бортында АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенс болған ұшақ Нью-Гэмпширде әуеге көтеріле сала, әуежайға қайта оралды, - деп жазады "Қазақпарат".
CNN-нің хабарлауынша, оқыс оқиға ұшақ аспанға көтерілген сәтте болған.
Ұшақ көп ұзамай қауіпсіздік үшін жерге қайта қонған.
[caption id="attachment_74325" align="aligncenter" width="610"] Фото: Дереккөзден алынды[/caption]
Апатты жағдайдың себебін қазір мамандар анықтап жатыр.
Алдын ала болжам бойынша, Пенс пен оның көмекшілері Вашингтонға басқа ұшақпен барады.
Айта кетейік, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
Пенс Нью-Гэмпширде сайлауалды іс-шараларға уақытылы қатысып, елмен жүздескен.