Науқастың қабырға етінен құлақ қалқанын жасайды
Науқастың қабырға етінен құлақ қалқанын жасайды
241
оқылды
Елімізде осы диагнозбен туған балалар өте көп. Өкінішке қарай, оларға ешқандай көмек көрсетілмейді. Мүмкіндігі бар­лар шетелдерге барып ота жа­сатып жүрген. Осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігі тек 66 баланы шетелге емделуге жі­берген. Қалай дегенде де мұн­дай ота елімізде алғаш рет жасалғалы отыр. Бұған дейін осыған ұқсас оталар жасалған, бірақ бұл оталарда құлақ қал­қанына материал ре­тінде сили­кон қолданылған. Де­генмен жа­сал­ған оталар сәтті шықпады. Енді франциялық дәрігер Ф.Фирминнің әдісін қолдану арқылы науқастың қабырға етінен материал алып, құлақ қалқанының формасы жасалады.
– Ресейдің осы әдісті қол­данып жүргеніне 5 жыл болды. Ресейлік әріптестерімізбен ке­ңесіп, тәжірибе алмасып, өз елімізде осы отаны бастауға та­лаптанып жатырмыз. Қазір көп кісі бұл отаның қалай жа­салатынын дұ­рыс түсінбей жа­тыр. Біздің бас­тағалы отыр­ғанымыз әзірге тек құлақ қал­қанын жасау. Жүре келе құлақ тесігіне де ота жасауды қолға алмақ ойымыз бар. 13 жыл­дан бері туа пайда болған пато­логиялармен ай­налысып ке­лемін. Мұндай нау­­қастардың көптігін көріп, осы отамен айналысуды қолға алғалы отырмын. Жаңа ота түрі болғаннан кейін оны зерттеп, айналысудың көп шығыны бар. Арнайы оқулықтар, видеолар алып, пайдалану керек. Арнайы семинарлар мен курстарға қатысу керек, – дейді Н.Сатылғанов.
Нариман Жақсылықұлы С.Ас­фен­дияров атындағы Қа­зақ ұлттық медициналық уни­­верситеті жанындағы Ақсай балалар ауруханасында жұ­мыс істейді. Қазірдің өзінде балаларына осы отаны жасатуға келісім беріп отырған ата-аналар бар.

Nariman Satilganov

– Бұл жерде дәрігердің қа­білеті мен білімі үлкен рөл ат­қарады. Егер дәрігердің ептілігі жоғары деңгейде болса, онда ота құны қымбат болмайды. Қазір отандастарымыз пәтерін, көлігін сатып, несие алып осы от­аны жасатуға Түркия, Америка сияқты шетелдерге барып жүр. Ота­дан бөлек, жол шығыны, тұ­ратын жер, тағы басқаларды қос­қанда тым қымбатқа түсіп ке­теді. Мемлекет жас дәрігерлерді қол­даса, келешекте бұл отаны өз елі­мізде жасауға толық мүмкіндік бар. Бізді қолдаушылар болмай тұр, барлық іс-әрекетті әзірге өз күшімізбен жасап жатырмыз. Ал­дағы уақытта бұл отаға мем­лекеттен квота бөліну жағы қа­рас­тырылады деп үміттенемін. Сол себепті ота бағасын да Ден­саулық сақтау министрлігі бел­гілеуі керек. Отаның құны шамамен 10 миллион теңге бо­лады деп ойлаймын. Өйткені бұл күрделі, кезең-кезеңімен жа­салатын ота. Оған үлкен күш, тыңғылықты дайындық қажет. Мұндай ота Америкада 100 мың доллар, Еуропада 60-70 мың доллар тұрады. Салыстырмалы түрде алып қарағанда, отандық медицинада жасалған ота ана­ғұрлым арзанға түсуі тиіс. Осы жылы шамамен 4-5 ота жасалуы керек деп жоспарлап отырмыз, – дейді дәрігер.
Осы жерде нақты айта кетер мәселе бар. Кейбір адамдар құлақ қалқаны естуге байланысты деп ойлайды. Отандық дәрігерлер жасағалы отырған ота әзірге кос­метикалық жағынан. Бет-әлпет, сыртқы бейненің дұрыс болуы үшін жасалатын ота. Кәсіби жа­ғынан нәтижелер жақсы болса, одан кейінгі кезеңдеріне өту жағы қарастырылып жатыр. Осыған дейін ондай оталар жасалған, бірақ кейбір қателіктер болды. Соған байланысты ата-аналарда қорқыныш бар. Нариман Жақ­сылықұлы тап осы – жақ және бетке жасалатын отаның маманы. Олар әзірге отаны құлақтың сырт­­қы бөлігінен бастағалы отыр.
– Шетелде адамдар осындай ота түріне көп жүгінеді. Мемлекет мамандарды қолдайтын болса, бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізер едік. Ізденуге, шетелдерге барып тәжірибе ал­масуға жағдай жасалса, бізде та­лантты дәрігерлер жеткілікті, – дейді ол.
Қазақстанда құлақ қал­қанын­сыз туғандардың нақты статистикасы жоқ. 600-дей бала бар деген мәлімет тараған. Бірақ Нариман Жақсылықұлының айтуынша, нақты есебін алса, науқастар саны одан да асып кетеді. Хирургтың үлкендерге де, жас балаларға да ота жасауға лицензиясы бар. Шетелдерде жасына қарамай, үлкен кісілер де осындай ота жасатып жатады. Бұл қалыпты жағдай саналады. Елімізде құлақ қалқанына жа­салған ота сәтті шығып, мем­лекет тарапынан қолдау болса, бұл отаға әлі талайлар­дың жүгінері сөзсіз.  

ГүлнарГүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ