"Күзде қайтадан карантин болады": Ерке Есмахан жақсылыққа сенетінін айтты
"Күзде қайтадан карантин болады": Ерке Есмахан жақсылыққа сенетінін айтты
Фото: интернеттен алынды
355
оқылды
Белгілі әнші Ерке Есмахан күзде қайта карантин болады деген қауесетке қатысты пікірін айтты.
"Жыл сайын күзде жұмыс қызу болатын еді. Осы жылы да күзге жоспарлағанымыз орындалады деген сенімдемін. Денсаулығымды күтіп, витамин ішіп, маска шешпей жүрмін. Күзге әл жинап алу керек. Күзде қайтадан карантин болады, анау-мынау десе де, бір жақсылықтың боларын ішім сезедІ,- деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Еске сала кетейік, жақында Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Қазақстанда 20 қыркүйек пен 15 қазаннан кейін қатаң карантин енгізіледі деген қауесетке түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл жалған ақпарат.  Еліміздегі эпидемиялық жағдай тұрақты, алайда ол Бас санитарлық дәрігердің барлық талабын сақтауға шақырды.