ШҚО-да кезекші сыныпта оқитын төрт оқушы коронавирус жұқтырған
ШҚО-да кезекші сыныпта оқитын төрт оқушы коронавирус жұқтырған
©А.Ахметқазы
236
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныпта оқитын төрт оқушы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.

"1 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысында індет жұқтырудың төрт жағдайы тіркелді.  Шемонаиха ауданының 4-сынып оқушылары, Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы коронавирус жұқтырған. Науқастар оқитын мектептер шағын жинақты мектептер", - делінген хабаламада.

Қазір облыс аумағында 14 күндік карантинге екі сынып пен бір мектеп жабылған. Індет анықталған барлық мектепте дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген.