«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалына қала тұрғындарының бірі қиын жағдайға тап болған қызына көмек сұрап жүгінді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Бойжеткен оқыған колледжде қаржыландырудың (гранттың) болмауына байланысты екі мамандық бойынша топтар жабылды.
Мән-жайды анықтау кезінде осыған байланысты 24 студент далада қалды. Сол уақытта оқу жылы басталып, басқа университеттер мен колледждерге құжаттар қабылдау тоқтатылған еді.
Нәтижесінде бұл мәселе қаланың білім басқармасының араласуы арқылы студенттердің пайдасына шешілді.
Бұл ретте 6 оқушы басқа колледждерге оқуға түссе, 1 оқушы ЖОО-ға оқуға түсті. Қалғандары студенттердің өз қалауы бойынша жұмысқа орналасты.
Өз кезегінде қала тұрғыны партияға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді