25 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
25-27 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында кей жерлерінде түман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде кей жерлерде 2 градус үсік күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең 25 қыркүйекте кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.