Қарағанды облысы Теміртау қаласында қаскүнем пәтерге қонақ ретінде кіріп, ұялы телефон және ойын қосымшасын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 қыркүйекте Теміртау қаласы ПБ Шығыс Пб-не Металлургтер көшесіндегі үйлердің біріндегі пәтерде ұрлық болды деген хабарлама түсті.
32 жастағы жәбірленушінің айтуынша, оқиға кезінде қонақтарды күткен, сыртқы есік ашық және пәтерге кез-келгеннің кіруі мүмкін болған. Осы жағдайды белгісіз адам пайдаланып, комодта жатқан ұялы телефонды және ойын қосымшасын ұрлап кеткен. Шығын 330 мың теңгені құрады.
Ізін суытпай криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні анықтап, ұстаған.
Ұрланған мүлік қайтарылды. Қазақстан Республикасының ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.